Первый в Казахстане органический рыбопромышленный комплекс полного цикла



ЕЛІМІЗДЕ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА ЕРЕКШЕ КӨҢІЛ БӨЛІНБЕК

 

 

Биыл көктемде Каспий теңізі мен Балқаш көлі, Батыс Қазақстан мен Түркістан облысы аймағындағы өзен-көлдерде балықтар жаппай қырылған еді. Осы жағдай еліміздегі «Балық өнімдерінің тапшылығына себеп болуы мүмкін», - дейді мамандар.

Олардың пікірінше, ауа-райының қолайсыздығы мен жауын-шашынның аздығынан, Арал теңізі мен Сырдария өзенінің де бүгінгі жағдайы мәз емес. Біздің жаңалықтар барлық жерде қолжетімді Ал, импортталған балық өнімдерінің құрамында ГМО қоспасы көп болғандықтан, адам денсаулығына да кері әсер етеді.

Сондықтан, осы проблеманы оңтайлы шешу үшін Алматы облысы әкімдігі мен балық өсіретін шаруашылықтар әріптестік негізде бірігіп, іргелі жобаны іске асырды. Мәселен, Қапшағай су қоймасының маңында тек оңтүстік өңірді емес, барлық аймақты балық өнімдерімен қамтитын ферма жұмысын бастады. Тілші материалы.

Балық фермасы осы күзден бастап, 6 түрлі өнімді ішкі нарықты қамтып, сыртқа да экспорттамақшы. Мұнда қазір клариус, ақ балық, австралиялық қызыл таңқышаян өсіреді. Себебі, оларға сұраныс көп. Мамандардың сөзінше, бұл жобаны іске асыру үшін 3 жыл бойы шетелдік жетекші өндіріс орындарын аралап, тәжірибе жинаған. Енді зауыт жыл соңына дейін 1500 тонна балық өнімдерін шығармақшы. Оның нарықтағы бағасы да халыққа қолжетімді болмақ.

Алексей Щетинин, кәсіпорын директоры: Біздің өнімдер халыққа ұнайды деген үміттеміз. Таза аймақ пен тұнық суда өндірілген балықтар сұранысқа ие болады деп ойлаймын. Олардың жейтін жемін де қатаң қадағалаймыз. Алдағы уақытта балықтарды тірі және мұздалған күйінде дүкендер мен базарлардан сатып алуға болады. Екі-үш айдың ішінде нарыққа шығарамыз.

Зауытта балық өсіру үшін барлық жағдай жасалған. Арнайы бассейндер мен аквариумдар осы заманға сай технологиялармен жабдықталған. Су температурасының сақталуы да талапқа сай жүргізіледі. Юрий Рудометкин, бас маман: Бұл өте ауыр, еңбекқорлық пен ұқыптылықты талап ететін жұмыс. Балықтарды қолда өсіру оңай емес, ерекше күтімді керек. Тәулігіне 3 рет, кейде 8 рет тамақтандырамыз. 

Құрылғыларды да үнемі қадағалап отырамыз. Балықтар өскен сайын аквариумдарды да ауыстырамыз. Қазір мұнда шетелде арнайы білім алған жас мамандар еңбек етіп жатыр. Ал, алдағы 2 жылда олар 500 жергілікті адамға жұмыс беріп, кәсіпорынның ауқымын кеңейтпекші. Нұрхан НҰРЛАНҰЛЫ

қайнар көз: https://kaztrk.kz/news/qogam/elimizde-balyq-sharuashylygyna-erekshe-konil-bolinbek-129392
Кез келген материалды қолданған жағдайда мына сілтеме көрсетілуі тиіс https://kaztrk.kz

© 2024 KazOrganic.
Запрещено копировать и использовать в какой-либо форме материалы сайта без согласия собственника.

Поделиться ссылкой:

Статистика сайта:

Яндекс.Метрика